Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған қызын отбасылық мекемеге кіргізбей қойды

Опубликовано:

Паб
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлыбританияда пабтың иесі туған қызын мекемеге кіргізуден бас тартты, себебі қызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған деп хабарлайды Lenta.ru.

Плимут қаласының Шелли Джонс есімді тұрғыны отбасылық мекемеде тек вакцина салдырған келушілерге қызмет көрсетуге шешім қабылдаған. Жаңа ережелер жақын туыстарына да қатысты.

"Қызым кіреберіске жақындай бергенде: "Кешір, бірақ саған мұнда кіруге болмайды", деп айттым", – дейді Шелли.

Бұған дейін Шелли мен оның күйеуі пабқа қарт адамдарды кіргізуден бас тартқан, өйткені олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру ықтималдығы жоғары, алайда ақыр соңында ерлі-зайыпты вакцина салдырмағанның барлығына мекемеге кіруге тыйым салуды жөн санаған.

"Бұл әрекетіміз инфекцияның таралуын толықтай тоқтатпайтынын білемін, бірақ әдетте залда отыратын 90 жастағы әкемді жастардың көбі үйіне қайтар кезде құшақтап қоштасады. Сол себепті мен әкемнің қауіпсіздігін ойлап, барлығын дұрыс жасағаныма сенімдімін", – дейді Шелли.

Шеллидің күйеуі Мартин мекеме клиенттерінің орташа жасы 55-ке жақындап қалғанын айтты, және көптеген адам бұл жерге жастар толып кететінін біліп, мекемеге келуден бас тартқан.

Ер адам пабқа кіру тәртібі туралы қабылданған жаңа ережені ұзақ жылдар бойы мекемеге келіп жүрген әрі пандемия кезінде қолдаған адал клиенттерді қорғауға арналғанын айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1932008-anasy-koronavirusqa-qarsy-ekpe-saldyrmagan-qyzyn-otbasylyq-mekemege-kirgizbei-qoidy/

pixel