Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғарышқа аттанған туристер Жерге оралды (видео)

Опубликовано:

Экипаж
Кадр: YouTube / SpaceX

Ғарышқа ұшу тарихында тұңғыш рет орбитаға аттанған туристер аман-есен жерге оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

SpaceX зымыраны NASA Кеннеди ғарыш орталығынан 15 қыркүйекте АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақыты бойынша 20:03-те ұшырылған болатын.

Оның Жерге қону сәті компанияның ресми YouTube-каналында трансляцияланды. Жолаушылар Crew Dragon капсуласында үш күн болды. Капсула Атлант мұхитының Флоридаға таяу маңында қонды.

Құрамында төрт турист бар экипаж медициналық тексерістен өтіп, Кеннедидегі ғарыш орталығына жеткізілген. Нақтырақ айтсақ:

- сапарды жеке қаржыландырған 38 жастағы миллиардер Джаред Исаакман;

- Сент-Джуд дәрігерінің қазіргі көмекшісі, бала кезінде қатерлі ісік ауруын еңсерген Хейли Арсене;

- геолог, жергілікті колледж оқытушысы, философия докторы Сиан Прокто;

- онлайн лотереяның арқасында орбитаға билет ұтқан Lockheed Martin компаниясының 42 жастағы қызметкері және ғарыш әуесқойы Крис Семброски.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттің корпорациясы миллиадерлер Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безосты Байқоңырға шақырғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1932770-garysqa-attangan-turister-zerge-oraldy/

pixel