Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

821 мың теңге: Ресейде жаңа iPhone 13 алу үшін кезектегі орындар сатылымға қойылды

Опубликовано:

Айфон 13
Көрнекі фото: Jonathan Cherry/Bloomberg via Getty Images

Ресейде жаңа iPhone 13 смартфонын алу үшін кезектегі орындар сатылып жатыр. Қазіргі уақытта кезектегі орындардың бағасы 140 мың рубльге дейін (821 мың теңге) жеткен деп хабарлайды РенТВ.

Мұндай орындар Мәскеуде онлайн платформадағы хабараландыру арқылы сатылымға шығарылған.

"Жаңа iPhone 13 үшін кезекте тұрмын. 21.09 - 140 000 (түнеуімен), 22.09 - 110 000 (түнеуімен), 23.09 - 80 000 (түнеуімен)", - деп келтіреді басылым хабарландырудың мәтінін.

Ал кейбіреулер бұдан да төмен бағаға кезекке тұруға дайын. Олар тәулігіне 40 мың рубль сұрап жатыр. Оның үш күндік қызмет пакеті небәрі 120 мың рубльді құрайды. Сонымен бірге, 10 мың рубльге бір күн бойы кезек күтуге дайын адамдар да бар.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Apple компаниясының жаңа өнімдері таныстырылды. Жаңадан шығарылған IPhone 13 смартфоны айтарлықтай қуатты болып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1932847-821-myn-tenge-reseide-zana-iphone-13-alu-usin-kezektegi-oryndar-satylymga-qoiyldy/

pixel