Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамды ерте қартайтатын өнімдерді білесіз бе

Опубликовано:

Шоколад
Көрнекі фото: pixabay.com

Әр адам өз жасынан жас көрінуге тырысады. Мұнда өмір салты, стресс деңгейі және денеге сыртқы әсердің басқа факторлары ғана емес, сонымен қатар тамақтану да маңызды рөл атқарады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Сондықтан жасымызға байланысты күнделікті рационға енгізілетін өнімдерге ерекше назар аударуымыз қажет, дейді диетологтар.

Олардың сөзінше, 30 жастан кейін адам ағзасы сыртқы ортаға осал болады, оған табиғи емес тағамдарды сіңіру қиындай түседі. Сол себепті консервілер, тәтті, кондитерлік өнімдер, хош иісті йогурттар адамды қартайтады екен. Және аталған өнімдер ас қорыту проблемаларын тудыруы мүмкін.

"Қоректік компоненттердің, дәрумендердің, минералдардың барлық гаммасын сақтау мақсатында жұмсақ өңдеумен табиғи өнімдер біздің денсаулығымыз үшін пайдалы. Диетада маусымдық тағамдардың болуы өте маңызды және олар сіз тұратын аймақта өскен жөн. Көкөністерді, жемістерді, жидектерді және толық ақуыз көздерін ұмытпаңыз. Сонымен қатар тез дайындалатын тағамдардан, яни үйге жеткізу қызметінен бас тартқан дұрыс", дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1932880-adamdy-erte-qartaitatyn-onimderi-bilesiz-be/

pixel