Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фастфудтың қандай зияны бар

Жарияланған күні:

Фасфуд
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта отандастарымыз фастфудты жылдам және арзан болған соң күнделікті өмірде жиі тұтынады. Алайда оның ағзаға қаншалықты зиян екенін көбісі біле бермейді. Осы орайда Хабар 24 арнасы фастфуд туралы тұшымды ақпарат ұсынады.

Созылмалы ауруларды күшейтеді және салмақ арттырады

Фастфудты үнемі жеу семіздік пен созылмалы аурулардың пайда болу қаупін арттырады. Health Promotion Perspectives журналының мәліметінше, тез тамақтану салмақтың өсуіне, холестериннің және жүрек-тамыр аурулары мен қант диабеті қаупінің жоғарылауына әсер етеді.

Теріге зиян

Фастфуд терінің күйіне де әсер етеді. Cosmetic and Investigational Dermatology журналындағы ақпаратқа сүйенсек, фастфуд, өңделген тағамдар мен қанттың көп мөлшерін қамтитын өнімдер безеуді көбейтеді. Негізгі себеп - қандағы инсулиннің жоғарылауы, ол осындай тағамдарды жеген кезде пайда болады. Мәселен, 2013 жылы балалар мен жасөспірімдерге жасалған зерттеуде аптасына үш реттен артық фастфуд-өнімдерді жегендердің ауыр экземаға шалдығу қаупі жоғары екені анықталған.

Қандағы қантқа әсер етеді

American Journal of Lifestyle Medicine журналында жарияланған 2018 жылғы есепке сәйкес, фастфуд өнімдері басқа өнімдерге қарағанда біздің қанымызға тезірек сіңеді. Қатты өңделген тағамды жеу арқылы біз бірден қанға өте көп мөлшерде глюкоза жібереміз.  

Психикаға әсер етеді  

Фастфудты жиі жеу адамның психикасына әсер етуі мүмкін. The International Journal of Environmental Research and Public Health журналы жүргізген зерттеу фастфудты көп пайдалану депрессия қаупінің жоғарылауына ықпал ететінін анықтады, әсіресе әйелдер мен семіздікке шалдыққан адамдарда. Public Health Nutrition мәліметтері бойынша, психикаға фастфудта кездесетін жоғары майлар мен өңделген көмірсулар әсер етеді. Олар жүрек ауруларына, созылмалы қабынуға және холестериннің жоғарылауына әкеледі - осының бәрі депрессия қаупін арттырады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933194-fastfudtyn-qandai-ziyany-bar/