Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 жастағы қызының сұлу болуын қалаған анасы оны күніне 3000 рет "скакалкамен" секіруге мәжбүрлеген

Опубликовано:

Анасы
Фото: odditycentral.com

Қытайда қызын көрікті ету үшін оны күніне 3000 рет "скакалкамен" секіруге мәжбүрлеген ана баласының денсаулығына нұқсан келтірді деп хабарлайды odditycentral.com.

Қытайдың Ханчжоу қаласында (Чжэцзян провинциясы) тұратын әйел 13 жастағы қызының сұлу әрі сұңғақ бойлы болып өскенін қатты қалағаны соншалық, оған қатаң талап қоямын деп шектен шығып кеткен.

Ол қызын күн сайын таңертең 1000 рет, түскі ас кезінде 1000 рет және түнде 1000 рет "скакалкамен" секіруге мәжбүрлеген.

Бір күні қызы аяғы ауырып жүргеніне шағымдана бастаған, бірақ анасы қызы жалқауланып отыр деп топшылап, шағымдарына еш құлақ аспаған. Ол спортпен айналысу денсаулыққа пайдалы екенін алға тартып, қызынан секіруді жалғастыруды талап етеді. Әйел қызының жағдайы әбден нашарлаған кезде ғана оны дәрігерге қаратуды ұйғарған.

Қыз
Фото: odditycentral.com

Тексеріс нәтижесі қыздың аяғына зақым келгенін және енді аяғына көп салмақ түсіруге болмайтынын көрсеткен.

Дәрігерлер кей ата-аналардың баласын салауатты өмір салтына баулу кезінде тым шектен шығып жататынына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Ақ халаттылар әр нәрсенің өз шегі болу керектігін ескертеді, өйтпеген жағдайда баланың денсаулығына орасан зиян келуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында екі бірдей сәбиін сатпақ болған әйел ұсталғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933488-13-zastagy-qyzynyn-sulu-boluyn-qalagan-anasy-ony-kunine-3000-ret-skakalkamen-sekiruge-mazburlegen/

pixel