Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалуға уақытын қимайтын азамат 12 жыл бойы тәулігіне жарты сағаттан ғана ұйықтап жүр

Опубликовано:

Ер адам
Фото: odditycentral.com

Жапонияның 36 жастағы тұрғыны Дайсуке Хоридің тәулігіне жарты сағаттан артық ұйықтамай жүргеніне 12 жылдың жүзі болған деп хабарлайды odditycentral.com сайты.

Ұйқыға тым көп уақыт жұмсалатынына шағымданып жүрген азамат ақыры өз ұйқысын барынша қысқартуды қолға алған.

Осылайша барлық тіршілігіне уақыт тауып жүрмін деп мақтанған ол, 12 жыл бойы тәулігіне жарты сағаттан ғана ұйықтап жүр.

Дайсуке мұндай нәтижеге біртіндеп жеткенін, ұйқысын біртіндеп қысқартудың арқасында бүгінде қалаған шаруасына уақыт табатынын алға тартты.

Ол, тіпті ұйқыны қысқартудың арнайы курстарын ашып, "Аз ұйықтайтындар қауымдастығын" құрып, өзгелерді ұйқысын қысқартуға үйретіп жүр.

Жергілікті телеарналардың бірі реалити-шоуда ер адамның расымен жарты сағат қана ұйықтайтынын тексеріп, оны үш тәулік бойы аңдыған. Нәтижесінде ер адамның кофеге әуестеніп алғанын анықтап, мүлде аз ұйықтайтынына көз жеткізген.

Десе де, дәрігерлер аз ұйықтаудың денсаулыққа зиян екенін ескертуде. Олар адамдарға уақытты үнемдеудің өзге жолын табуға кеңес беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933505-demaluga-uaqytyn-qimaityn-azamat-12-zyl-boiy-tauligine-zarty-sagattan-gana-uiyqtap-zur/

pixel