Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағаларын күнде мектептен құшақ жая қарсы алатын бүлдіршін көптің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Балақайлар
Кадр: Instagram / almostindianwife

Әлеуметтік желіде ағаларын ерекше жақсы көретін сәбидің видеосы тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеоны almostindianwife лақап атымен Instagram желісіне тіркелген Бриттани есімді қолданушы жария еткен.

Төрт баласының бірі-біріне ерекше бауырмал екенін байқаған жұрт Бриттаниге қызға қарайтынын жасырмады. Желі қолданушылары әсіресе видеодағы кішкентай бүлдіршіннің әрекетіне тәнті болған.

Анасының айтуынша, Эмми есімді қызы күнде үш ағасының мектептен оралуын тағатсыздана күтеді. Олардың мектептен қайтып келе жатқанын көрсе салысымен бүлдіршін алдына жан салмай ағаларына қарай жүгіреді екен.

Бриттани қызы ағаларын құшақ жая қарсы алуды әдетке айналдырғанын, ағалары да қарындасын ерекше жақсы көретінін айтуда.

"Сондай тамаша көрініс", "Бұл видео ұзақ уақыт бойы есімнен кетпесі анық", "Жүрегім елжіреп кетті", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін туған күніне келген ұл-қыздарын құшақ жая қарсы алған 92 жастағы әжей көпті тебіренткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933531-agalaryn-kunde-mektepten-qusaq-zaya-qarsy-alatyn-buldirsin-koptin-zuregin-elziretti/

pixel