Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Клиентінің шашын дұрыс қимаған шаштараз 271 мың доллар өтемақы төлеуге міндеттелді

Опубликовано:

Шаштараз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанда шаштараздың қызметіне көңілі толмай, шағым түсірген бойжеткен сот шешімімен салоннан 271 мың доллар өтемақы өндіріп алатын болды деп жазады BBC.

Үндістан соты модель болып жұмыс істейтін бойжеткеннің шашын дұрыс қимаған жергілікті сұлулық салонын қомақты өтемақы төлеуге міндеттеді.

Белгілі болғандай, шашы ерекше ұзын болған бойжеткен 2018 жылы Делидегі шаштараздардың біріне жүгінген.

Ол шашын қалай қию керектігіне қатысты нақты нұсқаулар берген, алайда шаштараз клиентінің қалауын дұрыс түсінбей, бойжеткеннің шашын шорт қиып тастаған.

Шаш күтіміне арналған өнімдер шығаратын компанияда модель болып жұмыс істейтін ару бұл жайттан соң күйзеліске түскен.

Салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болып, екі жыл бойы күйзеліспен күресуіне тура келген. Осыдан кейін ол "өмірінің астаң-кестенін шығарған салонмен" соттасуды ұйғарады.

Нәтижесінде Үндістандағы тұтынушылар дауын шешу жөніндегі ұлттық комиссиясы бұл жайт бойжеткеннің "өмір салтын түбегейлі өзгертіп, топ-модель атану арманына балта шапты" деген қорытындыға келген.

Бұл қорытындыны негізге алған сот салонды клиентке 20 миллион рупий (шамамен 271 000 АҚШ доллары) өтемақы төлеуге міндеттеген.

"Ол айнаға қарай алмайтындай күйге түсті. Шашы қысқа болып қалғандықтан, өзіне деген сенімділігін жоғалтты", - дейді судья.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1933999-klientinin-sasyn-durys-qimagan-sastaraz-271-myn-dollar-otemaqy-toleuge-mindetteldi/

pixel