Сақина орнына тату: Әлемнің әр түкпірінде жас жұбайлар неке жүзігінен бас тартуда
Опубликовано:

Әлемнің әр түкпіріндегі жас жұбайлар неке жүзігінен бас тартып, оның орнына саусақтарына тату салдыруды сәнге айналдыруда деп хабарлайды bigpicture.ru сайты.
Әдетте некесін қидырған жас жұбайлар ендігі отбасылы адам екенін аңдататын арнайы неке жүзігін тағып жатады. Алайда бұл тұрғыда да елден ерекшеленгісі келетіндер табылуда.

Олар неке жүзігінің орнына саусақтарына жүзікке ұқсас тату салдыруды жөн санауда. Бірі кәдімгі сақинаның суретін салдырса, енді бірі щексіздік белгісін немесе белгілі бір сөздерді саусағына салдырған.

Кей жас жұбайлар жан жарының есімінің алғашқы әрпін немесе махаббаттарының символына айналған жаунарлардың суретін салдырудан да тайынбайды.

Олардың пікірінше, мұндай тату түріндегі сақинаның өз артықшылықтары бар. Біріншіден, оны жоғалтып алмайсың, екіншіден, шешіп тастай алмайсың.

Десе де, жас жұбайларға мұндай жолмен ерекшеленбестен бұрын, татудың жылдар бойы, тіпті өміріңіздің соңына дейін өшпеуі мүмкін екендігін, оның үстіне тату үшін қолданылатын кей сияларда улы заттар болатынын және тату салдыру кезінде инфекция жұқтыру немесе аллергиялық реакция туындау қаупі барын да ұмытпаған жөн.




Еске салсақ, бұған дейін күзде қандай киімдер сәнде болатыны туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934233-saqina-ornyna-tatu-alemnin-ar-tukpirinde-zas-zubailar-neke-zuziginen-bas-tartuda/