Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар тізімінде көш бастады

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Hannibal Hanschke-Pool/Getty Images

Америкалық миллиардер Илон Маск Forbes Real Time нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастады.

Tesla мен SpaceX негізін қалаушысының байлығы 203 миллиард доллардан асқан. Өткен тәулікте ол 3,8 миллиард долларға өскен.

Рейтингте екінші орында Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тұр, оның байлығы 197,7 миллиардқа бағаланып отыр.

Үздік бестікке Louis Vuitton Moët Hennessy (LVMH) тобының президенті Бернард Арно (175,7 миллиард доллар), Билл Гейтс (131 миллиард доллар) және Марк Цукерберг (126,4 миллиард доллар) енген.

Айта кетейік, төрт жыл бойы әлемдегі ең бай адам атағын Джефф Безос иеленіп келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934361-ilon-mask-alemdegi-en-bai-adamdar-tiziminde-tagy-kos-bastady/

pixel