Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішімдіктен ұрттап алған азамат орманда құтқарушылармен бірге өзін іздеген

Опубликовано:

Ер адам
Фото: NTV

Түркияда ішімдік ішкен азамат еріктілермен бірге өзін орманда іздестіру жұмыстарына қатысқан. Қызықты жайт туралы жергілікті NTV телеарнасы жазады.

Белгілі болғандай, 50 жастағы Бейхан Мутлу достарымен бірге Бурсадағы орманда демалған.

Ішімдіктен ұрттап алған азамат түнде орман ішіне серуендеуге шығып, хабарсыз кетеді. Ал достары оны өз бетінше таба алмай, полицияға хабарласқан.

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылардан бөлек, ер адамды іздеуге жергілікті тұрғындар мен еріктілер де қатысқан.

Бір кезде ер адамды іздеуге шыққандар оның атын атап шақырып, айқайлай бастаған сәтте еріктілердің арасында жүрген азамат "Мен осындамын" деп дауыстап жауап берген.

Кейін белгілі болғандай Бейхан Мутлу жұрт кімді іздеп жүргенін білместен, еріктілерге қосылған.

Полиция іздеу операциясының сәтті аяқталғаны туралы хаттама толтырып, жоғалған адамды үйіне жеткізген.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаев бір айдан бері табылмай жатқанын жазған едік.

Ол төтенше жағдайдан қаза тапқандардың арасында жоқ, жарылыс болған жерден де оның денесі табылмаған. Бауыржанның тірі жүргеніне үміттеніп отырған жақындары енді аурухана камераларын тексеретінін мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, Ақмола облысында 21 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934437-isimdikten-urttap-algan-azamat-ormanda-qutqarusylarmen-birge-ozin-izdegen/

pixel