Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы сүйіктісінің өзгеге үйленгенін қаламаған әйел оны қалыңдығымен қоса той алдында улаған

Опубликовано:

Жас жұбайлар
Жас жұбайлар. Фото: Newsflash

Бразилияда әйел бұрынғы ғашығына үйлену тойына үш күн қалғанда улы кәмпиттерді сыйға тартқан. Салдарынан төрт адам ауыр ауыр халде ауруханаға түскен деп хабарлайды Daily Mail.

24 қыркүйекте тойларына үш күн қалғанда 35 жастағы Дион Квирино мен 27 жастағы қалыңдық Аманда Кассия Лопеске курьер кәмпит алып келген.

Тәттілерді той алдында сыйға алған жас жұбайлар кәмпиттен өздері ауыз тиіп қана қоймай, туыстары мен үйінде қонақта болған екі жасар балаға да дәм таттырған. Кәмпиттерді, тіпті үйіндегі итіне дейін жеген.

Салдарынан үй жануары уланып өлген. Ал отбасындағы төрт адам ауыр халде ауруханаға түскен. Олардың арасында жас жұбайлар, ер адамның туысқаны мен екі жасар бала бар.

Бұл жайтқа қатысты күдікті ретінде Квириноның бұрынғы сүйіктісі қамауға алынды. Әйел ғашығының өзгеге үйленгенін қаламағандықтан, оларды улаған деп күдіктелуде.

Бүгінде полицейлер істің мән-жайын анықтау үшін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934444-buryngy-gasygynyn-ozgege-uilengenin-qalamagan-aiel-ony-qalyndygymen-qosa-toi-aldynda-ulagan/

pixel