Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Минералды суды қалай дұрыс ішу керек

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетологтар минералды суды қалай ішу керектігін айтып берді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Минералды су дүкен сөрелерінде еркін сатылады және шөлді жақсы басады. Бірақ кейбіреулер үшін мұндай суды пайдалану сирек кездесетін жағдай, ал басқалары оны күн сайын ішеді.

Телеарна мәліметінше, минералды су асқазан-ішек жолдарының ауруларын жеңуге, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Сондай-ақ, ағзадан токсиндерді шығарып, күш береді.

Минералды су пайдалы болуы үшін оны дұрыс ішу керек, дейді диетологтар.

Ол үш түрге бөлінеді:

  • асханалық,
  • емдік-асханалық,
  • емдік.

Минералды суды қолданудың өзіндік ережелері бар.

Мәселен, асханалық минералды суды кез келген адам іше алады, еш зияны жоқ. Емдік-асханалық су аутоиммунды аурулардың алдын алу үшін қолданылады, оның құрамында йод жеткілікті. Дәрілік минералды суды дәрігермен кеңескеннен кейін ғана ішуге болады.

Мамандар асқазан аурулары кезінде құрамында сілті бар минералды су тағайындалатынын жеткізді.

Бұл қауіпті қосылыстарды кетіруге көмектеседі және асқазан микрофлорасын бактериялардан тазартады, дейді олар.

Диетологтардың сөзінше, емдік минералды суды шектен тыс пайдаланудың зиянды тұстары да бар. Оны арнайы курс бойынша ішкен дұрыс. Сусынды бақылаусыз тұтыу кейбір созылмалы ауруларды күшейтуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1934488-mineraldy-sudy-qalai-durys-isu-kerek/

pixel