Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хакерлер қандай құпиясөз қойылған аккаунттарды көп бұзады

Опубликовано:

Планшет
Көрнекі фото: piqsels.com

Хакерлер көп жағдайда құпиясөз ретінде суперқаһарманның есімі қолданылған аккаунттарды бұзады. Бұл туралы Mozilla компаниясының сарапшылары мәлімдеді деп хабарлайды Elorda.info.

Mozilla сарапшылары киберқылмыскерлердің “құрбанына” айналған аккаунттардың құпиясөзін жинаумен айналысатын haveibeenpwned.com сайтындағы деректерге сүйене отырып, қандай құпиясөзерді қолданудан аулақ болу керектігін анықтады. Нәтижесінде Супермен есімі бар 370 мың құпиясөз, Бэтмен есімі бар 220 мың құпиясөз, сондай-ақ Өрмекші адам есімі бар 160 мың құпиясөз анықталып отыр.

Онымен қоса суперқаһармандардың өзін емес, олардың есімін еске түсіретін мың шақты аккаунт бар. Бұл тізімнен Джеймс Хоулетт, Кларк Кент, Брюс Уэйн және Питер Паркер деген есімдерді табуға болады.

“Құпиясөз сіздің үйіңіздің кілті тәрізді. Онлайн әлемде біздің құпиясөзіміз жеке деректеріміз бар үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан оның сенімді болғаны жақсы”, – дейді Mozilla компаниясының өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін "Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін айтып берген еді.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935393-xakerler-qandai-qupiyasoz-qoiylgan-akkaunttardy-kop-buzady/

pixel