Пәкістанда жер сілкініп, 15 адам қаза тапты

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24

Пәкістанда жер сілкісінісі болып, кем дегенде 15 адам көз жұмды деп хабарлайды Al Jazeera.

Кветтаның шығысында магнитудасы 5,7 балдық жер сілкінісі болды.

Апаттардың алдын алу қызметінің мәліметінше, Пәкістанда болған жер сілкінісінен 15 адам қаза тапты, ажал құшқандар саны артуы мүмкін.

Жер асты дүмпуінің эпицентрі Харнайда, Кветта қаласынан шығысқа қарай шамамен 170 шақырымда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935796-pakistanda-zer-silkinip-15-adam-qaza-tapty/