Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен Алматы өзенін вейкбордпен жүзіп өткен жігіт: Әуесқойлар қайталамағаны дұрыс

Опубликовано:

Алмаз
Кадр: Instagram / gerassimenko_seva

31 жастағы Алмаз Смайылқұлов Үлкен Алматы өзенінде вейкбордпен түрлі трюктер жасады. Бұл трюктердің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды деп хабарлайды Almaty.tv.

"Керемет!", "Таңғалып тұрмын, ғажап!", "Мықты жігітсің, саған миллион лайк!", – деп желі қолданушылары спортшыға тәнті болғанын айтып жатыр.

Алмаз Смайылқұловтың сөзінше, су бетіндегі трюктер спортты танымал ету мақсатында жасалған.

"Роликті түсіру үшін алдымен қала әкімдігінен ресми түрде рұқсат сұрадық. Адам өмірде өз қорқынышын жеңе білуі керек. Бірақ вейкборд – қауіпсіз спорт. Су бетіндегі трюктер спортты танымал ету мақсатында жасалды. Мен түсірілім барысында қауіпсіздік киімін киіп алдым. Трюктерді әуесқойлар қайталамағаны дұрыс. Видеоны танымал видеограф түсірді", – дейді спортшы.

Айта кетсек, вейкбординг – су шаңғысы, серфинг және сноуборд элементтерін қамтитын экстремалды спорт түрі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда алғашқы қар жауып, тұрғындар әлеуметтік желілерде алғашқы қардың суреттері мен видеоларын бөлісіп жатқанын жазған едік.

Тауда қар бірнеше күн бұрын жауған. 6 қазанға қараған түні қалаға да қар жауды. Әзірге бұл осы маусымдағы алғашқы қар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935824-ulken-almaty-ozenin-veikbordpen-zuzip-otken-zigit-auesqoilar-qaitalamagany-durys/

pixel