Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күнделікті қолданатын дымқыл майлықтардың қауіпті екенін білесіз бе

Опубликовано:

Майлық
Көрнекі фото: teplo.guru

Дымқыл майлықтарды дұрыс қолданбау тері аурулары мен иммунитеттің әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы терапевт дәрігер Татьяна Романенко айтты деп жазады РИА Новости.

Маманның сөзінше, антибактериалды майлықтардың құрамында пайдалы микрофлораны жойып жіберетін заттар бар. Тері жұқарып, жаралар пайда болуы мүмкін. Салдарынан иммунитет әлсіреп, организмнің вирустарға қарсы тұру қабілеті азаяды.

"Қолды жууға мүмкіндік болмаған кезде ғана пайдалану керек", - деді дәрігер.

Сонымен бірге, ол қолға арналған дымқыл майлықтармен бет күтімін жасайтындарға да ақпарат берді.

Мәселен, бетке арналмаған майлықтар аллергиялық реакцияны, терінің тітіркенуін тудыруы және тіпті репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін.

Одан бөлек, терапевт адамдардың дымқыл майлықтың жарамдылық мерзіміне мән бере бермейтінін атап өтті. Сондай-ақ ашық майлықта қауіпті микроорганизмдер пайда болады.

Қорыта келе, Татьяна Романенко дымқыл майлықпен қол сүртуден бас тартуға шақырды. Өйткені, майлық қолдағы кірді толық кетіре алмайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1935858-kundelikti-qoldanatyn-dymqyl-mailyqtardyn-qauipti-ekeni-belgili-boldy/

pixel