Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жәндіктер жабысады": 10 жыл шашын қимаған ару қандай қиындықтарға тап болып жүр

Опубликовано:

Алена
Фото: Instagram / mazanik_aliona

Ерекше ұзын шашқа ие ресейлік ару қолаң шаштың қандай қиындықтар тудыратынын айтып берді деп хабарлайды Daily Mail.

Ленинск-Кузнецкий қаласында тұратын 35 жастағы Алена Мазаниктің шашына қайшы жолатпағанына он жылдың жүзі болды.

Нәтижесінде арудың шаш ұзындығы 130 сантиметрге дейін жеткен.

Ұзын шаштың арқасында танымалдыққа ие болып, талай жанды қызықтырып отырған Алена қолаң шаштың өз кемшін тұстары да барын жасырмады.

Айтуынша, ұзын шаштың машақаты көп, әрі арнайы күтімді қажет етеді. Аленаның сөзіне сенек, ол күнде шаш күтіміне төрт сағатын жұмсайды.

Сондай-ақ, жаздыгүні жәндіктер көбейгенде ұзын шашпен жүру ерекше қиын дейді ару. Себебі, жәндіктер - түрлі қоңыздар, шыбын-шіркейлер, тіпті көбелектердің өзі шашының арасына тұрып қалып жатады екен.

Одан бөлек, бойжеткен шашы түрлі заттарға жиі ілініп, қысылып қалып жататынына шағымданды.

Десе де Алена ерлер мен әйелдер қауымынан жиі мақтаулар еститінін және ұзын шашпен жүру өзіне ұнайтынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын бойжеткен екі метрге жететін қолаң шашын қайырымдылық мақсатында қиып тастағаны туралы жазған едік.

Одан бөлек, АҚШ-тың Калифорния штатында ақ шашын бояудан бас тартқан әйел әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1936094-zandikter-zabysady-on-zyl-boiy-sasyn-qimagan-aru-uzyn-sastyn-kemsin-tustaryn-atady/

pixel