Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас жігіт рельске байланған итті жүйткіген пойыздан соңғы сәтте құтқарып үлгерді

Опубликовано:

Пойыз
Кадр: Instagram / bloknot_kavkaza

Әлеуметтік желіде рельске байланған итті жүйткіген пойыз астында қалудан соңғы секундтарда құтқарып үлгерген жігіттің видеосы таралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеоны bloknot_kavkaza атты Instagram парақша жария еткен.

Видео авторының жазуынша, ер адам рельске әлдебіреулер байлап кеткен итті байқай сала, оны құтқаруға кіріскен. Видеодан оның итті соңғы сәтте рельстен сүйретіп әкеткенін байқауға болады.

Желі қолданушылары жүрегінің түгі бар азаматқа итті құтқарғаны үшін алғыс пен мақтаулар жаудыруда.

"Ержүрек жігіт", "Бір қарағанда жүрегім аузыма тығылды", "Қалайша итті рельске байлап қоюға болады, не деген қатыгездік", "Жарады", "Көзіме жас келді", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Десе де желі қолданушылары арасында жігіттің әрекетіне күмән келтіргендер де табылды.

"Бұлай бауды тез шешу тек өзі байлап тастаған адамның қолынан келеді", "Мен де сондай пікірдемін", "Лайк үшін өзі байлап, өзі құтқарған адамға ұқсап тұр", - деп жазған өзге пікір қалдырушылар.

Оқиғаның қай жерде және қашан болғаны туралы ақпарат берілмеген.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда ер адам пойыздың астына түсуге сәл-ақ қалған баланы құтқарып үлгергенін жазған едік.

Өз өмірін қатерге тіге отырып, балақайды құтқарып қалған азамат марапаттар мен 664 доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1936405-zas-zigit-relske-bailangan-itti-zuitkigen-poiyzdan-songy-satte-qutqaryp-ulgerdi-video/

pixel