Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинаның үшінші дозасын кімдер алу керек: ДДСҰ жауап берді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммунитеті әлсіреген адамдарға коронавирусқа қарсы үшінші доза егуге кеңес берді деп хабарлайды "Хабар 24".

Ұйым өкілдерінің пікірінше, иммунитеті әлсіреген азаматтарға жұқпалы дертке қарсы 2 доза аз болып, олар коронавирустың ауыр түріне шалдығуы мүмкін. Ұйым сарапшылары сондай-ақ Қытайдың "Синовак" пен "Синофарм" компанияларының екпесін алған қарттарға да үшінші доза салуға шақырды.

Бірақ сарапшылар қосымша үшінші дозаны халыққа жаппай салуды ұсынаудан аулақ. Мамандар мәселені қарашаның 11-і күні кеңірек талқыламақ.

Ал ресми дерекке қарағанда, қазірге дейін әлемде коронавирусқа қарсы 3,5 миллиард доза екпе салыныпты. Бірақ вакциналау біркелкі жүріп жатқан жоқ дейді мамандар.

Еске салсақ, бұған дейін ДДСҰ безгекке қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдағанын жазған едік.

Одан бөлек, ДДСҰ коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын айтып, дабыл қаққан болатын. Ұйым жаңа мутация ерекше бақылауда болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1936579-vakcinanyn-usinsi-dozasyn-kimder-alu-kerek-ddsu-zauap-berdi/

pixel