Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бетіне ота жасатқан әйел ернін үлкейткен блогермен көңіл жарастырды

Опубликовано:

Блогерлер
Фото: Instagram / _just__queen_

Бет сүйегі барынша шығыңқы болуы үшін пластикалық отаға жүгініп, танымалдыққа ие болған уркаиналық блогер Instagram парақшасында өз ғашығын көрсетті.

Әлемдегі ең үлкен бет сүйегін жасатып алған блогер Анастасия Покрещук ернін үлкейткен атышулы блогер жігітпен көңіл жарастырғанын көпшілікке жария етті.

"Менің махаббатым", – деп жазған әйел Instagram-ға ғашығымен түскен суретін жүктеді.

Оның таңдауы Алексей Мироненко есімді блогерге түскен екен. Екеуі де пластикалық отаға әуес. Алексей ернін үлкейтіп қана қоймай, Ыстамбұлда липосакция жасатқан.

Екі блогердің бас қосқанына желі қолданушылары таңданыс білдірді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда Барбидің сүйіктісіне ұқсау үшін мыңдаған доллар жұмсаған жігіт көпшіліктің таңданысын тудырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1936598-bet-suiegin-sygaryp-ota-zasatqan-aiel-ernin-ulkeitken-blogermen-konil-zarastyrdy/

pixel