Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кальмар ойыны" Netflix тарихындағы ең ауқымды жоба атанды

Опубликовано:

Кальмар ойыны
Фото: gizmochina.com

Оңтүстік кореялық "Кальмар ойыны" драмасы Netflix тарихындағы ең ірі жобаға айналды деп хабарлайды CNN.

Ойынның ақшаға мұқтаж қатысушылары ақшалай сыйлық алу үшін балалар ойынын ойнап, басын өлімге тігеді. Сериал 17 қыркүйекте Netflix-те дебют жасағаннан бері 111 миллион қаралым жинаған.

Салыстырмалы түрде Netflix осы жылдың басында "Бриджертонды" рождестволық дебюттің алғашқы 28 күнінде 82 миллион аккаунт көргенін жариялады.

"Кальмар ойыны" сериалы қысқа мерзімде аталған көрсеткіштен асып түсті.

Шоу әлемнің 94 еліндегі Netflix-тің топ-10 рейтингінде бірінші орынды иеленіп келеді.

Сериал сюжеті – қарызға белшесінен батқан 456 адам белгісіз аралға түседі, онда олар балалардың күнделікті ойынын ойнайды. Әр қатысушының өмірі белгілі бір мөлшерде бағаланады. Тірі қалған жеңімпаз қорда жиналған ақшаны толық алады. Сериалда қатысушылар алты ойында бақ сынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1936861-kalmar-oiyny-netflix-tarixyndagy-en-auqymdy-zoba-atandy/

pixel