Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды (видео)

Опубликовано:

Құрылғы
Кадр: "Хабар 24"

Теңіздің жағасында отырған Маңғыстауда ылғал жоқ. Бұл мәселені шешу үшін облыста жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды деп хабарлайды "Хабар 24".

Облыстың төрт ауданы - Құрық, Шетпе, Жетібай және Саинда жаңбыр жаудыратын құрылғылар сынақ режимінде іске қосылды. Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынып отыр.

Жаңа технология атмосфералық ылғал көлемін 30 пайызға дейін көтере алады. Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға зияны жоқ құрал шөлейтті аймақты көгалдандыруға сеп болады. Қондырғы қашықтан басқарылады. Таяу күндері Бейнеу ауданына да орнатылады.

Айта кетейік, дәл осындай құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея мен біріккен Араб әмірліктерінде оң нәтиже көрсеткен. Жобаның құны 5 миллион еуро. Қаржы салушы - жеке инвесторлар.

"Іске қосылған сәттен бастап бұл қондырғылардың ауаға әсерін бақылаймыз. Сосын нәтижесін соңғы 10 жылда облысқа жауған жаңбыр мөлшерімен салыстыруымыз керек. Адамға және табиғатқа кері әсері жоқ. Электр қуатын да аз тұтынады. Құрылғы қызметі жыл мезгілдеріне бейімделген. Қыста сіркіреп ылғал түссе, жаз айлары жауын-шашын мол түсуі мүмкін", - дейді климатолог Сергей Бологуров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937104-mangystau-oblysyna-zasandy-zanbyr-zaudyratyn-qurylgylar-ornatyldy-video/

pixel