Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Метрода нәзік жандыларға раушан гүлін таратқан жігіт желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Жігіт
Видеодан кадр: instagram.com/pul_05_

Ресей астанасы Мәскеудегі метрода дағыстандық жігіт нәзік жандыларға раушан гүлін таратқан. Ер адам бұл әрекеті арқылы жаман ұлт болмайтынын жеткізгісі келген деп хабарлайды "Новости Москвы" Telegram каналы.

Видеодан ер адамның қорғаныш маскасын тағып, "Я — дагестанец. Нет плохой нации" деген жазуы бар ақ жейде киіп алғанын көруге болады. Жігіт метродағы қыз-келіншектерге шоколад пен қызыл раушан гүлдерін таратып берген.

Желі қоланушылары бейтаныс адамның әрекетіне оң баға беріп, оның жейдесінде жазылған сөздер дұрыс әрі бұл көпшіліктің ойы екенін атап өткен.

"Өте дұрыс", "Жарайсыз", "Бұл сөздер ниеті түзу көптеген адамның ойын білдіреді, өйткені әрбір ұлтта нашар адамдар да, жақсы адамдар да бар", - дейді олар.

Осы ретте бейнежазба кейіпкері бұл әрекетін атақ пен танымалдылық үшін жасамағанын да атап өтті.

"Жаман әрекет жасасаң бәрі талқылайды, жақсы әрекет жасасаң да талқылайтындар табылады. Ешкімге ренжімеймін, бәрін жақсы көремін, қабылдаймын және түсінемін", - дейді ол өзінің Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937702-metroda-nazik-zandylarga-rausan-gulin-taratqan-zigit-zelide-zuldyz-boldy-video/

pixel