RU

WhatsApp мессенджерінде пайдалы жаңа функция іске қосылмақ

Телефон дисплейі
Көрнекі фото: piqsels.com

WhatsApp мессенджері өз қолданушыларына тауарлар мен қызметтерді арнайы каталогтан іздеуге мүмкіндік бермек деп жазады РИА Новости.

Жаңа мүмкіндіктің арқасында қосымшада өз өнімдерін ұсынатын компаниялар енді тауарларды санаттар бойынша реттей алады.

Нәтижесінде сатып алушылар ұзын-сонар тізімді қарап отырмай, уақытын үнемдейді.

Каталогқа сілтеме немесе топтың тақырыбындағы сатып алу түймесі арқылы қол жеткізуге болады. Дегенмен, басылым бұл функция Ресейде әзірге қолжетімсіз екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болған еді.

Ол үшін суреттер мен видеоны "Бір рет көру" опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1938139-whatsapp-messendzerinde-zana-paidaly-funkciya-iske-qosylmaq/