Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барби" қуыршағы атанып кеткен ару коронавирустан 38 келіге дейін арықтады

Опубликовано:

Валерия
Фото: Instagram / valeria_lukyanova21

Одессада тұратын Аматуе есімімен танымал 36 жастағы модель әрі блогер Валерия Лукьянова коронавирустан 38 келіге дейін арықтап кеткенін айтып, мұңын шақты деп хабарлайды life.ru басылымы.

Барби қуыршағына ұқсау үшін талай рет пластикалық ота жасатқан ару өз салмағын барынша 43 келіден асырмауға тырысып жүрген. Сол үшін тіпті еттен бас тартып, қатаң диета ұстанған екен.

Алайда жақында блогердің салмағы күрт төмендеп кетіпті. Бұған оның коронавирус жұқтыруы себеп болған екен.

"Дельта" штамын жұқтырған Валерия төрт күн бойы иіс пен дәм сезбей қалғандықтан, тәбеті болмағанын айтуда. Екі күн бойы қатты терлеген ару ақыры бес келі салмақ тастап жіберген.

Салмағы небәрі 38 келі болып қалған блогер барынша тамақты жиі жеуге тырысып жүр. Бүгінде ол бар болғаны екі келі қоса алғанын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Барбиге ұқсау үшін 10 млн теңге жұмсаған қазақстандық ару туралы жазған едік.

Одан бөлек, Ұлыбританияда Барбидің сүйіктісіне ұқсау үшін мыңдаған доллар жұмсаған жігіт көпшіліктің таңданысын тудырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1938169-barbi-quyrsagy-atanyp-ketken-aru-koronavirustan-38-kelige-deiin-aryqtady/

pixel