Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Instagram-да жаңа функция іске қосылды

Опубликовано:

Инстаграм
Көрнекі фото: pixabay.com

Instagram әлеуметтік желісінде фото және видео жүктеудің жаңа тәсілі пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз осы функцияны іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіздер фото және ұзақтығы бір минутқа дейінгі видеоны браузер арқылы Instagram-ға тікелей жүктей аласыздар", - деп хабарлады әлеуметтік желінің баспасөз қызметі Twitter парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін компьютермен Instagram-ға кіретіндер тек фото-видеолар мен stories көріп, лүпіл басып, пікір қалдыра алатын. Ал басқа мүмкіндіктер тек мобильді қосымшада қолжетімді болған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджері өз қолданушыларына тауарлар мен қызметтерді арнайы каталогтан іздеуге мүмкіндік бергенін жазған едік.

Жаңа мүмкіндіктің арқасында қосымшада өз өнімдерін ұсынатын компаниялар енді тауарларды санаттар бойынша реттей алады.

Нәтижесінде сатып алушылар ұзын-сонар тізімді қарап отырмай, уақытын үнемдейді.

Каталогқа сілтеме немесе топтың тақырыбындағы сатып алу түймесі арқылы қол жеткізуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1938531-instagram-da-zana-funkciya-iske-qosyldy/

pixel