Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той жасауға болады": Дубайда әлемде теңдесі жоқ алып шолу аттракционы ашылды

Опубликовано:

Дөңгелек
Фото: Panorama.am

Біріккен Араб әмірлігінің ірі қаласы Дубайда биіктігі 250 метр болатын әлемдегі алып шолу аттракционы ашылды.

Еuronews-тің мәліметінше, аттракцион Дубайдың жасанды аралында орналасқан. Оған "Айн Дубай" - "Дубайдың көзі" деген атау берілген.

Аттракционда 48 кабина бар. Кейбірі бар ретінде жабдықталған, онда кешкі асқа тапсырыс беруге болады.

Сонымен қатар, аттракционда конференция мен үйлену тойын жасауға болады.

Айта кетейік, алып шолу аттракционнымен бір айналып шығу үшін 38 минут қажет. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.

Аттракцион бір уақытта 1750 адамды қабылдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1938666-toi-zasauga-bolady-dubaida-alemde-tendesi-zoq-alyp-solu-attrakciony-asyldy-video/

pixel