Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішінен ұялы телефон шыққан азамат дәрігерлерді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

1
Фото: 120.su

Мысырда ұялы телефон жұтып қойған азамат жарты жыл бойы дәрігерлерге көрінуден ұялып жүрген деп хабарлайды 120.su.

Мысырдағы Асуан университетінің дәрігерлерін кезекті пациент таңғалдырған. Бастапқыда олар ештеңе байқамапты, өйткені ер адамның тек іш тұсы ауырған екен.

Бір қызығы, аурудың себебі мүлде басқа болып шыққан. Науқасты рентгенге жібергенде ақ халаттылар оның денесінде ұялы телефон бар екенін байқаған.

1
Фото: 120.su

Пациент ұялы телефонды неге жұтқанын түсіндіре алмаған, бірақ жарты жыл бұрын жұтқанын мойындаған.

Ер адам медицина қызметкерлеріне жүгінуге ұялып жүрген. Ол аппарат өздігінен шығады деп үміттенсе керек. Кейінірек қатты ауырсынуды сезінген соң амалсыз дәрігерлерге келген.

Науқас жедел отаға жіберілді. Екі сағаттық операция сәтті өткен. Ұялы телефон алты ай бойы мысырлықтың ағзасына кері әсерін тигізбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1938754-isinen-uyaly-telefon-syqqan-azamat-darigerlerdi-tangaldyrdy-foto/

pixel