Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миллионер күйеуінің 21 баласын бағып отырған ару болашақта 105 баланың анасы атанғысы келеді

Опубликовано:

Кристина
Фото: Instagram / batumi_mama

Ресейлік 24 жастағы бойжеткен Кристина Озтюрк бүгінде миллионер күйеуінің 21 баласын бағып отыр. "Көпбалалы" атанғысы келетін ару The Daily Mail басылымының назарына ілікті.

Кристина Озтюрк - 57 жастағы миллионер Галип Озтюрктің жұбайы. Ол Түркия азаматымен Грузияның Батуми қаласында танысқан. Галиптің 21 баласы бар. Оларды суррогат аналар дүниеге әкелген.

Көпбалалы болуды армандаған қос ғашық түбінде суррогат аналардың көмегіне жүгінуді жөн санап, Галип әр суррогат анаға 10 мың доллар төлеген екен.

Бүгінде балаларға Кристина мен 16 бала күтуші қарап отыр.

Болашақта Кристина мен Галип балаларының санын 105-ке жеткізгісі келеді.

Қазір ерлі-зайыпты үш қабатты жекежайда тұрады. Галиптің бірінші некесінен де балалары бар. Десе де, Кристина балалардың ешқайсын бөліп-жармайтынын, бәрін туғанындай көретінін айтып отыр.

"Менің бір рет те ішім пысқан емес. Әр күнім ерекше, бала күтушілердің жұмыс уақытын белгілеуден бастап, отбасына керек-жарақтар сатып алуға дейін менің мойнымда", - дейді Кристина.

Кристина апта сайын 20 қап жөргек, 53 қап балалар тағамы қоспасын сатып алатынын атап өтті. Ал күтушілер балаларға түнде де қарайласып жатады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939453-millioner-kuieuinin-21-balasyn-bagyp-otyrgan-aru-bolasaqta-105-balanyn-anasy-atangysy-keledi/

pixel