Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шоколадтан жасалған көйлектер": Парижде ерекше жәрмеңке өтуде (видео)

Опубликовано:

Көйлек
Видеодан кадр: Хабар 24

Франция астанасы Парижде ерекше жәрмеңке басталды. Онда келген қонақтар шоколадтан жасалған сәнді көйлектердің түр-түрін тамашалай алады, деп хабарлайды Хабар 24.

Дәстүрге айналған шара өткен жылы пандемия салдарынан кейінге шегерілген еді.

Ал биыл көпшілік назарына ерекше әдіспен жасалған 10 киім үлгісі ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме келесі аптаға дейін жалғасады.

"Дизайнерлер әр костюмды жасауға біраз уақытын сарп етті. Енді тәтті киімдердің еріп кетпеуін мұқият қадағалау керек. Адам денесінің қызуынан шоколад тез бүлінуі мүмкін. Сондықтан бұдан сақтану үшін алдымен матадан жасалған киім киіледі. Ғимарат ішіндегі температураны да үнемі бақылап отырамыз", - дейді шоколад шебері Винсент Герле.

Айта кетейік, осыған дейін Julius Baer компаниясының сарапшылары 2020 жылдың әлемдегі ең қымбат қалалар тізімін жасағанын хабарлаған едік.

Көш басында Қытайдың Шанхай қаласы тұрса, Париж тізімде жетінші орында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939461-parizde-sokoladtan-zasalgan-koilekterdin-zarmenkesi-bastaldy-video/

pixel