RU

Жапонияда ұшатын мотоцикл пайда болды (видео)

Мотоцикл
Видеодан кадр: Хабар 24

Жапонияда ұшатын мотоцикл пайда болды. Стартапты ұлттық өндіріс алпауыттарының көмегімен жергілікті компания жасап шығарған, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұшатын көлік дәстүрлі қозғалтқыш және төрт электр мотормен жабдықталған. Осының арқасында көкте сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 40 минуттай ұшуға болады. Мотоциклдің құны – 680 мың доллар.

Компания ховербайк құны қымбат болғанымен, қалталы тұтынушылар алатынына сенімді. Алайда Жапонияда мұндай көлікті пайдалану көп қиындыққа әкелуі мүмкін. Себебі, күн шығыс елінде жол және әуе қозғалысы қатаң реттеледі.

"Бұл ұшатын мотоциклді құтқару шаралары кезінде қолдануға болады. Мысалы, табиғат апаты кезінде оқшауланып қалған адамдарға көмек көрсету үшін өте қолайлы болмақ", - дейді A.L.I. Technologies компаниясының бас директоры Дайсукэ Катано.

Айта кетейік, осыған дейін Бразилияда қатырма қағаздан брендтік мотоциклдердің көшірмесін жасайтын шебер жігіт тұратынын жазған болатынбыз.

Генри Гонсалвес 15 жасынан бері осы іске әуестенген. Шебердің қолынан шыққан алғашқы мотоцикл – Honda CB 600 F Hornet. Ол бірінші туындысын 10 ай бойы әзірлеген. Шебер бірнеше жыл бойы байкер болуды армандаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939463-zaponiyada-usatyn-motocikl-paida-boldy-video/