Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күн сайын қуанып жүруіңіздің кепілі": Дәрігер көңіл-күйді көтеретін өнімді атады

Опубликовано:

Шоколад
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік профессор, диетолог Маргарита Королева шоколадтың көңіл-күйді көтеретінін айтты. Бұған эндорфиндердің, яғни "бақыт гормондарының" түзілуіне ықпал ететін триптофан себеп, деп хабарлайды Sputnik Радиосы.

Маргарита Королеваның айтуынша, тәтті жеген кезде ауыз қуысында орналасқан рецепторлар арқылы эндорфиндер бөлінеді. Бұл адамның көтеріңкі көңіл-күйде жүруіне өз септігін тигізіп жатады.

Королева шоколадтың дәмін толық сезіну үшін оны еріту керектігін айтады.

Диетолог шоколад "күнделікті қуаныш факторы" болып табылғанымен, бірақ шамадан тыс тұтыну қауіпті болуы мүмкін екенін де атап өтті.

Маман жақсы көңіл-күйде жүру үшін күніне шоколадтың екі-үш тілімін жеуге кеңес беріп отыр. Бұл ретте құрамында кем дегенде 70-80 пайыз какао бар тәттіні таңдаған абзал.

"Егер шартты түрде алсақ, күніне екі-үш плитка шоколад жейтін болсақ, онда денсаулығымызда проблема туындауы мүмкін. Шоколадты шамадан тыс тұтыну салмақтың өсуіне әкеледі, инсулинге төзімділік баяу қалыптаса бастайды, диеталар артық салмақпен күресуге жеткілікті түрде көмектесе алмайды, осылайша сізді көмірсулар алмасуындағы басқа да өзгерістерден туындайтын проблемалар да мазалауы ғажап емес", – дейді диетолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939505-kun-saiyn-quanyp-zuruinizdin-kepili-dariger-konil-kuidi-koteretin-onimdi-atady/

pixel