Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

Опубликовано:

Марк Цукерберг
Марк Цукерберг. Фото: Michaela Handrek-Rehle/Bloomberg via Getty Images

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг бейсенбі күні компания атауын Meta деп өзгерткенін хабарлады. Алайда ол компанияның Facebook, Messenger, WhatsApp және Instagram сынды сервистерінің атауы сол күйінде қалатынын жеткізді деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгіннен бастап бізің компания Мета деп аталады", - дейді Цукерберг 28 қазан күні көпшілік алдында сөз сөйлеген сәтінде.

Миллиардердің сөзінше, мета сөзі гректің "кейін" деген сөзінен шыққан.

"Мен үшін бұл қашан да жаңа дүние ұсынуға мүмкіндік барын білдіреді", - дейді ол.

Марк Цукербергтің айтуынша, Meta қолданушыларына компанияның басқа қызметтерін пайдалану үшін Facebook қажет болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1939531-mark-cukerberg-facebook-atauyn-ozgertti/

pixel