Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асқазанға қауіпті": Диетолог құрманың зияны жайлы айтты

Опубликовано:

Құрма
Көрнекі фото: pixabay.com

Құрма жеу асқазанда түйіннің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік эндокринолог дәрігер, диетолог Полина Королева айтты, деп жазады Газете.Ru.

"Құрманың құрамында сіңуі қиын тағамдық талшықтар мен таниндер бар. Асқазанның сөл бөлу функциясы дұрыс жұмыс істемесе, фитобезоар - өсімдік талшықтарынан тұратын түйін пайда болуы ықтимал", - дейді Полина Королева.

Дәрігердің сөзінше, құрманы түскі немесе кешкі астан кейін десерт ретінде қабылдауға болмайды. Сондай-ақ, ұйықтар алдында да жемеген абзал, өйткені ол асқазандағы ауырлық пен жайсыздыққа себеп болуы мүмкін.

Одан бөлек, диетолог балалар, егде жастағы адамдар және қант диабетімен ауыратындарға құрманы шамадан тыс мөлшерде жемеуге кеңес береді.

"Құрманың сорты мен консистенциясына байланысты жеміс қандағы қант деңгейіне әртүрлі әсер етуі мүмкін. Құрма неғұрлым тәтті және жұмсақ болса, ол соғұрлым жақсы сіңіп, қандағы қант деңгейін арттырады", - дейді Полина Королева.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік диетолог Ольга Чунтова тамақтану рационынан етті алып тастаудың салдарынан денсаулық сыр беруі мүмкін екенін айтқан еді.

Оның сөзінше, еттен бас тартқан жағдайда ағзада маңызды дәрумендердің жетіспеушілігі туындауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1940232-asqazanga-qauipti-dietolog-qurmanyn-ziyany-zaily-aitty/

pixel