Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Стюардессалар вакцинацияға жаппай наразылық білдіріп жатқаны рас па

Опубликовано:

Стюардесса
Фото: twitter.com/wantedinrome

Қазақстандықтар Римнің басты алаңдарының бірінде бір топ әйелдің киім шешкен видеосын таратып жатыр. Олар бортсеріктер бұл әрекетімен міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп жатыр деп есептейді. Шындығында, бұл акцияның вакцинацияға немесе пандемияға еш қатысы жоқ, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Іс жүзінде 50-ге жуық стюардесса жұмыс жағдайына байланысты Рим орталығында наразылық білдірді.  Биыл 15 қазанда ең ірі италиялық Alitalia авиакомпаниясы өз жұмысын тоқтатты.

Оның орнына Italia Transport Aereo (ITA) құрылды. Штатқа Alitalia-ның бұрынғы 10200 қызметкерінің 2700-і ғана алынған.

Бұл ретте ITA жалдаған қызметкерлер еңбекақының төмендегеніне және еңбек жағдайларының нашарлағанына шағымдануда.

Аталған шара арқылы Alitalia компаниясының бұрынғы 50 қызметкері осы мәселеге назар аудартпақ болған. Олар алаңға жойылған әуе компаниясының формасымен шығып, оны шешіп, "Біз – Alitalia-мыз!" деп айтқан.

Демек, олардың наразылығы вакцинацияға немесе COVID-19-ға мүлдем қатысы жоқ.

Фейк
Фото: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1941332-styuardessalar-vakcinaciyaga-zappai-narazylyq-bildirip-zatqany-ras-pa/

pixel