Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш науқасты өлтірген медбике өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

дәрігер-ханым11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жапонияда үш науқасты өлтірген медбике өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Livedoor.

2016 жылы Аюми Кубоки есімді медбике Иокогама қаласындағы ауруханада үш науқастың дәрі тамызғышына дезинфекциялық зат араластырған. Салдарынан 78 және 88 жастағы екі науқас қайтыс болған. Ал үшіншісін Кубоки өз қолымен өлтірген.

Округтік сот жақында медбикені өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал өз ісіне өкінген 34 жастағы әйел өзіне өлім жазасын сұрады.

Кубокидің адвокаттары қазіргі уақытта оның психикалық жағдайы ауыр екенін, сондықтан түрмеге жабудың өзі жеткілікті екенін айтты. Ал тергеу қылмыс жасаған уақытта медбике аутизм спектрінен зардап шеккенін анықтады.

Айта кетейік, осы жылдың шілде айында жапониялық сот сақтандыру төлемдері үшін өз күйеуі мен екі көңілдесін өлтірген 74 жастағы әйелді өлім жазасына кесу жазасын күшінде қалдырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1941338-us-nauqasty-oltirgen-medbike-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel