Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог наннан түбегейлі бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Диетолог және эндокринолог Алена Барредо наннан түбегейлі бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның сөзінше, нан-бұл көмірсулар алмасуына кері әсер ететін және инсулинге төзімділікті тудыратын көмірсу.

"Наннан бас тартқан кезде адамда инсулин, глюкоза азаяды және көмірсулар мен липидтер алмасуы қалыпқа келеді.

Триглицеридтер мен холестерин төмендейді. Ішекте патогенді бактериялар мен саңырауқұлақшалардың өсуі баяулайды, бұл микробиотаның көбеюіне мүмкіндік береді", — дейді дәрігер.

Алена Барредоның айтуынша, ең пайдалысы дәнді дақылдардан жасалған нан. Себебі, мұндай өнім инсулин мен глюкозаның артуына септігін тигізеді.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік эндокринолог дәрігер, диетолог Полина Королева құрманың адам ағзасына зияны жайлы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1941691-dariger-nannan-tubegeili-bas-tartqan-adamnyn-agzasynda-qandai-ozgerister-bolatynyn-aitty/

pixel