Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар қара шайдың күтпеген пайдасын атады

Опубликовано:

Қара шай
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарапайым қара шай - қан қысымын төмендететін ең тиімді өнімдердің бірі. Батыс Австралия ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр, деп жазады РенТВ.

Ғалымдар танымал сусынның систолалық қан қысымы жоғары адамдарға әсерін зерттеді. Зерттеуге қатысушыларға күніне үш кесе қара шай немесе құрамында флавоноид жоқ кофеин бар сусын ішу ұсынылған.

Олардың көрсеткіші қабылдау кезінде, бірінші күні, сондай-ақ үш ай және алты айдан кейін тексерілген.

Ақырында зерттеушілер екінші сусынмен салыстырғанда шай систолалық және диастолалық қысымның тұрақтануына үлкен әсер етеді деген қорытындыға келді. Көрсеткіштердің өзгерісі күндіз айтарлықтай болмаса да, түнде 10 пайызға төмендеді.

Бұл нәтиже зерттеудің алғашқы тәуліктерінде байқалып, жарты жыл уақыт сақталған. Бір қызығы, ол қан қысымының бастапқы деңгейіне, сондай-ақ жүрек соғу жиілігіне тәуелді болмаған.

"Зерттеу нәтижелері қара шайдың кофеиннен басқа құрамдас бөлігі түнде қан қысымының өзгеру жылдамдығына әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді", – дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1942148-galymdar-qara-saidyn-kutpegen-paidasyn-atady/

pixel