Тырнағын 5 сантиметрге өсіріп алған әйел жұртты таңғалдырды
Опубликовано:

Данияда үш жылдың ішінде тырнақтарын 5 сантиметрге өсіріп алған келіншек көпшілікті таңырқатты. Бүгінде ол өзінің "жетістігін" қайталағысы келетіндерге ақыл-кеңес беруге дайын, деп жазады 120.su.
37 жастағы Копенгаген тұрғыны Хеббаның тырнақтары бала кезден қатты болған.
Үш жыл бұрын ол тырнағын барынша өсіруге шешім қабылдап, өзі ойлағаннан да жоғары нәтижеге қол жеткізген.
Бүгінде келіншек ұзын тырнақтарының арқасында көпшіліктің ықыласына ие болып жүрген көрінеді. Хеббаны көргендердің көзі бірден оның қолына түседі. Тіпті, олар мұның табиғи не жасанды тырнақ екенін ажырата алмай дал болады екен.

Хеббаның сөзінше, мұндай нәзік әрі сәнді тырнақтарды өсіру жеңіл шаруа емес. Ол мұның тек сұлулық емес, ерекше күтімді талап ететін өмір сүру салты екенін жасырмады.
Мәселен, тырнақты үнемі егелеп, нығайтқыш құралдарды пайдаланып, зиян келтіруі ықтимал жұмыстардан бас тартып отыру керек.

Осы ретте келіншек өзінің жетістігін қайталағысы келгендерге кеңесін беруге дайын.
Оның айтуынша, тырнақтың басты жауы - су. Сол себепті Хебба қолын ылғалдан сақтап жүру үшін үнемі латексті қолғап киіп жүреді.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1942282-tyrnagyn-5-santimetrge-osirip-algan-aiel-zurtty-tangaldyrdy/