Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған үнді сарбаздарының жаппай қайтыс болғаны рас па

Опубликовано:

Фото
Фото: stopfake.kz

Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған үнді сарбаздарының жаппай қайтыс болғаны туралы видео тарауда. Кадрда ғимаратта еденде жатқан жас әскери қызметшілер мен оларға көмектесуге тырысқан адамдар тобы бейнеленген. Алайда StopFake.kz мұның коронавирусқа қарсы вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлады.

Порталдың мәліметінше, бұл ролик биыл тамыз айында желінің ағылшын тілді сегментінде кеңінен тараған.

Видеода сарбаздардың COVID-19 қарсы вакцина алғаны және олардың кенеттен қайтыс болуына нақ осы себеп болғанын айтылады.

Ал шындығында видео осы жылдың 21 тамызында Үндістанда өткен төзімділік жарысы кезінде түсірілген.

Жарыс кезінде қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыс 72 сағатқа созылған және әскери қызметшілер есін жоғалтпас бұрын толық жабдық пен оқ-дәріні көтеріп, 10 шақырым жерді жүріп өткен.

Зардап шеккен сарбаздардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Дегенмен олардың бірі қайтыс болған.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Римнің басты алаңдарының бірінде стюардессалардың вакцинацияға жаппай наразылық білдіріп жатқаны айтылған видео тараған еді. Алайда кейін бұл да жалған ақпарат болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1942952-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-undi-sarbazdarynyn-zappai-qaitys-bolgany-ras-pa/

pixel