Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-қа ұшақ шассиіне жасырынып жеткен ер адам шекара қызметкерлерін таңғалдырды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Майами әуежайында АҚШ-қа заңсыз кірген Гватемала тұрғыны анықталды. Ер адам Америкаға ұшақ шассиінің қуысына жасырынып жеткен, деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның NBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, 26 жастағы Гватемала тұрғынын шекара қызметінің қызметкерлері тауып алған.

Осыдан кейін ол денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жіберген.

Ер адам ұшу кезінде екі жарым сағаттан астам уақыт бойы шассидің қуысында болған. Әзірге билетсіз жолаушының денсаулығы туралы қандай да бір ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ауғанстанның танымал футболшысы Заки Анвари Кабулдан ұшқан америкалық ұшаққа жармасып, ажал құшқан болатын.

Қайғылы оқиға "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы Ауғанстанды басып алғаннан кезде болған еді.

Сол уақытта ауған халқы елден жаппай қашуға тырысып, азаматтарды эвакуациялауға арналған ұшақтарға жанұшыра жармасқан болатын.

Сонымен бірге, 17 тамызда Кабулден АҚШ-қа келген С-17 ұшағының шассиінен өлген адамның денесі табылған еді.

The New York Times басылымының дерегінше бұл жайттан кейін америкалық ұшқыштарға психологиялық көмек қажет болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944334-aqs-qa-usaq-sassiine-zasyrynyp-zetken-er-adam-sekara-qyzmetkerlerin-tangaldyrdy/

pixel