Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райына байланысты бас ауырған кезде не істеу керек

Опубликовано:

Бас
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Күн бұлттанып, ауа райы бұзылған кезде бас ауруы мүмкін. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер-офтальмолог Ирина Лещенко мұның қалай алдын алуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik радиосына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, бұлт, тұман мен жаңбыр аралас қар жауса, кейбір адамдардың басы ауырады. Ол кезде жарық аз болады. 

Ол көзге кері әсерін тигізеді. Бөлмеде жарық аз болса, бас ауырады. 

"Әрбір адамда түрлі белгі байқалуы ықтимал. Мәселен, мені ұйқы басады. Демек, басым емес, көзім мазасызданады. Жатқан кезде көз жұмылады, ал ми жұмысын жалғастырады. Шаршаған көзді қайта-қайта уқалай бергің келеді. Көз немесе бас ауырсынуын сезінуіңіз де мүмкін", – деді Лещенко.

Дәрігер-офтальмолог күн бұлтты болса, бөлмеде жиі жарық қосуға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1944649-aua-raiyna-bailanysty-bas-auyrgan-kezde-ne-isteu-kerek/

pixel