Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдың бір қаласында коронавирус жұқтырғандарға 689 мың теңгеден төлемек

Опубликовано:

Зертхана1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қытайдың Харбин қаласында коронавирусты анықтайтын тесті оң нәтиже көрсеткен азаматтарға 689 мың теңгеден төлейтін болады, деп хабарлайды Free The Words.

Басылымның мәліметінше Харбин үкіметі орталыққа өз еркімен келіп, науқастанғаны туралы хабарлағандарға 10 мың юаньнан (689 мың теңге) төлейтінін жариялаған.

Егер ауру жұқтырған адамды бақылау жүйесінің көмегімен анықтайтын болса, онда ақша берілмейді.

Шаһар билігі мұндай шешімді жергілікті тұрғындарды COVID-19-ды анықтайтын тестіден жиірек өтуге ынталандыру үшін қабылдаған. 29 қараша мен 5 желтоқсан аралығында қалада күніне небәрі 10 адамнан коронавирус анықталған.

Еске сала кетек, бұған дейін америкалық ғалым Майкл Уороби Қытайдың Ухань қаласында коронавируспен бірінші болып теңіз өнімдерін сатушы әйел ауырған болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Айта кетейік, коронавирустың қайдан шыққаны әлі күнге дейін белгісіз. Бұған дейін Қытай билігі мен халықаралық сарапшылар вирусты бірінші болып бухгалтер жұқтырған болуы мүмкін деген болжам жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945497-qytaidyn-bir-qalasynda-koronavirus-zuqtyrgandarga-689-myn-tengeden-tolemek/

pixel