Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ ғалымдары коронавирустың таралуын шектейтін сағыз ойлап тапты

Опубликовано:

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Америкалық ғалымдар коронавирустың таралуын шектейтін сағыз ойлап тапты, деп хабарлайды Пенсильвания университетінің сайты.

"SARS-CoV-2 сілекей бездерінде көбейеді және жұқтырған адам түшкіргенде, жөтелгенде немесе сөйлегенде, бұл вирустың бір бөлігі сыртқа шығып, басқа адамдарға жұғуы мүмкін екенін білеміз. Бұл сағыз сілекейдегі вирусты бейтараптандыруға мүмкіндік береді, соның әсерінен аурудың таралу көзі азая түседі", – дейді зерттеу авторы Генри Дэниел.

Ғалымдар сағыздың қаншалықты пайдалы екеніне көз жеткізу үшін COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарға эксперименттер жүргізген.

Нәтижесінде сағыз олардың сілекейіндегі вирустық РНҚ деңгейін айтарлықтай төмендететінін көрсеткен.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы сағыз ACE2 ақуызы негізінде жасалған. Яғни ACE2 ақуызы күшті инфекцияны жұқтырған науқастардағы вирустық жүктемені азайтуға қабілетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945529-aqs-galymdary-koronavirustyn-taraluyn-sekteitin-sagyz-oilap-tapty/

pixel