Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасанды қолмен барған": Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмақ болған адамның қулығы әшкереленді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Италияда ер адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыру үшін арнайы егу пунктіне силиконнан жасалған жасанды қолмен барған. The Guardian басылымының жазуынша, тұрғын осындай қулыққа барып, вакцинация сертификатын алғысы келген деп хабарлайды unian.net.

Бұл оқиға Италияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған адамдарға бірқатар әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысуға тыйым салған соң бір аптадан кейін болған.

Екпе салдыру пунктіне келген 50 жастағы ер адам жейдесінің жеңін көтеріп, вакцина салдырған.

Бастапқыда дәрігер оғаш ештеңе байқамаған, өйткені силикон кәдімгі адам терісіне ұқсап тұрған. Бірақ мұқият қарап, қолын ұстағаннан кейін дәрігер ер адамнан көйлегін шешуді сұраған. Қулығы іске аспаған азамат дәрігерден жағдайға көз жұма қарауын өтінген.

"Медицина қызметкерінің жылдамдығы мен қырағылығының арқасында бұл адамның қулығы әшкере болды, ол енді сот алдында жауап беруі керек... Италия қоғамы пандемия кезінде қаншама адамның құрбан болғанын ескере отырып, мұндай әрекетке жол бермейді", – дейді Пьемонт аймақтық үкіметінің басшысы Альберто Сирио мен аймақтың денсаулық сақтау жөніндегі кеңесшісі Луиджи Икарди бірлескен мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945649-zasandy-qolmen-bargan-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrmaq-bolgan-adamnyn-qulygy-askerelendi/

pixel