WhatsApp-та хабарламаларды автоматты түрде өшіруге болатын функция іске қосылды

Опубликовано:

Ватсап
Көрнекі фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде енді хабарламаларды автоматты түрде өшіру үшін таймер орнатуға болады, деп жазады The Verge.

Жаңа функция WhatsApp мессенджерін жаңартқаннан кейін қолжетімді болмақ.

Енді баптауларда жаңа чаттардағы хабарламалар жіберілгеннен кейін 24 сағаттан, бір аптадан немесе 90 күннен соң автоматты түрде жойылатын опцияны іске қосуға болады.

Мерзімін әркім өз қалауынша көрсете алады. Алайда бұл өзгеріс ескі және топтық чаттарға енгізілмейді.

Егер пайдаланушы осы функцияны іске қосқысы келсе, әңгімелесушіге немесе чаттағы басқа адамдарға автоматты түрде өшіру туралы хабарлама жіберіледі.

Сонымен бірге, опцияны өз қалауынша өшіріп-қосуға болатыны атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945700-whatsapp-ta-xabarlamalardy-avtomatty-turde-osiruge-bolatyn-funkciya-iske-qosyldy/