Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасының мәйітін үйде бірнеше ай сақтаған әйелдің ісі әшкере болды

Опубликовано:

Әжей
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Хилсборо округының тұрғыны бірнеше ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтап, әлеуметтік төлемдерді алып отырған деп айыпталуда. Әйелдің ісі үйіне полиция қызметкерлері келгенде әшкере болған, деп жазады Lenta.ru.

Полицейлер 54 жастағы Кимберли Хеллердің анасының денсаулығын тексеру үшін үйіне келген. Себебі, туыстары кейуананы бірнеше айдан бері көрмегенін айтып, шағымданған.

Ал зейнеткермен бірге тұратын қызы тәртіп сақшылары келген кезде үйге кіргізуден бас тартқан.

Ақырында олар үйді тінтуге берілген рұқсат қағазбен қайта келіп, зейнеткердің мәйітін тапқан.

Полицейлер марқұм әжейдің қызын қамауға алған. Оған мәйітті қорлады деген айып тағылған.

Одан бөлек, тергеушілер зейнеткер қайтыс болса да, оған тиесілі төлемдер шотына түсіп тұрғанын анықтаған.

Сот Кимберли Хеллерге қаңтар айында үкім шығармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1945923-anasynyn-maiitin-uide-birnese-ai-saqtagan-aieldin-isi-askere-boldy/

pixel