Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауд Арабиясында "ботокс жасатқан" 40 түйе сұлулық байқауынан тыс қалды

Опубликовано:

Түйе
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауд Арабиясында "ботокс жасатқан" 40 түйе сұлулық байқауына қатыстырылмады, деп хабарлайды Газета.ru.

Басылым мәліметінше, жүздеген сауд арабиялық жыл сайын бағдарламасына сұлулық байқауы мен жарысу кіретін түйелер фестивалін тамашалайды.

Биыл қазылар алқасы бірнеше жануардың иесі, еріндерін үлкейту үшін, сондай-ақ бұлшық ет массасын ұлғайту үшін түйелерге дәрі еккенін анықтаған.

Нәтижесінде сайыс ережесін бұзған 40 түйе жарыстан шығарылған. Кейінірек, қазылар алқасын алдамақ болған жануар иелері де жазаға тартылатын.

Айта кетсек, түйелер сайысында бас жүлде үшін 64 млн доллар (27 млрд 814 млн теңге) тігілген.

Сауд Арабиясында түйе шаруашылығы миллиондаған доллар пайда әкелетін сала. Сондықтан ел билігі түйе бағушылардың мұндай әрекеті олардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1946047-saud-arabiyasynda-botoks-saldyrgan-40-tuie-sululyq-baiqauynan-tys-qaldy/

pixel